ШҚО-дан елімізде бұрын-соңды кездеспеген жәндіктер табылды
Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында және оған іргелес жатқан аймақтарда бұрын елімізде кездеспеген қоңыздардың жаңа түрлері анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлттық парктің мәліметінше, Қазақстанда шыртылдақ қоңыздың (жук-щелкун) фаунасы әлі де толық зерттелмеген. Алайда ШҚО аумағында жүргізілген материалдарды талдау нәтижесінде аталған жәндіктердің бірнеше қызықты түрі тіркелген. Олардың арасында бұған дейін Қазақстан аумағында кездеспеген ерекше түрлер бар.
Аталған ғылыми жаңалық туралы мақала Еуропаның Ecologica Montenegrina мамандандырылған журналында жарияланған.
Елизавета Седых

