Катонқарағайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында екі күшігін ертіп кетіп бара жатқан таутан (ілбістің аналығы) фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Екі күшігімен жайбарақат келе жатқан ұрғашы ілбіс Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шаруашылығында фототұзаққа түсіп қалған.
– Айта кетейік, бұған дейін осы жылдың 11 маусымында бұл барыстар фототұзақ объективіне іліккен. Демек, бұл барыстардың ұлттық парк аумағында тұрақтап қалғанын аңғартады, – деп хабарлады ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.
Ілбісті қазақ халқы ежелден киелі санаған. Ол Қазақстанның және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына жойылып бара жатқан аң түрі ретінде енгізілген.
Оқи отырыңыз