KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Өскеменде кемелер шеруі өтеді

1.07.2025, 11:45 241 Ержан Әбіш

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күніне орай 6 шілдеде Өскемен қаласында алғаш рет кемелер шеруі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Белалекс» компаниясының мәліметінше, биыл 6 шілдеде елімізде су көлігі саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Осыған орай Өскеменде Ертіс өзені бойында кемелер шеруі ұйымдастырылады. Шараның ұйымдастырушылары – компания мен мемлекеттік мекемелер.

Кемелер «Самал» саябағынан бастап, Ертіс бойымен «Ғашықтар аллеясына» дейін Қазақстанның туын желбіретіп сап түзеп өтеді. Шеру сағат 10:00-де басталады.

– 2025 жылдан бастап Өзен флоты қызметкерлері күні ресми түрде атап өтілетін болды. Біз бұл күнді жарқын әрі есте қаларлық етіп өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді ұйымдастырушылар. – Шараға жеке кемесі бар барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз.

Сондай-ақ 6 шілде күні Өскемендегі Өзен вокзалында жәрмеңке өтіп, мәдени бағдарлама ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу