KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Бесқарағайда ешбір мектеп күрделі жөндеуді қажет етпеген

17.08.2021, 10:22 254

Ағымдағы жылы Бесқарағай ауданындағы білім ордаларын жөндеу жұмыстарына 117 193,6 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.

Аудандық әкімдік таратқан ақпараттарға сүйенсек, 18 мектепте 36 жобабойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. - Ағымдағы жылдың 29 шілдесіне 17 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Бөденелі мектебінің 3-қабатын жөндеу бойынша конкурстық рәсімдер жақында ғана аяқталып, мердігер анықталды, - дейді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рустам Оразалин. - Барлық жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады, арнайы комиссия құрылып, атқарылған жұмыстарды тексеріп, қабылдап алады.

Айта кетейік, ауданда барлығы 21 мектеп бар болса, оның 17-сіне биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, білім бөлімі орналасқан ғимарат та жөндеу көрмек.

Жалпы Рустам Оразалиннің айтуынша, былтыр Бесқарағай ауданында 3 мектеп қана қашықтықтан білім берсе, қалғандары оқу жылын дәстүрлі түрде аяқтаған. Ауданда мектеп жасындағы 2966 бала болса, 166 түлек жаңа өмірге қанат қақты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив