KZ
Өскемен
-16°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
514.31 603.03 6.4

"Ауыл аманаты": ШҚО-да кәсіпкер әйел құс өсіруді қолға алды

14.07.2025, 18:00 251 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көріп жатқан ауыл тұрғындарының қатары артып келеді. Соның бірі – Парыгин ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Шырынгүл Пяткова. Ол 2024 жылы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған бағдарлама аясында микрокредит алып, құс шаруашылығын дамытып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шырынгүл Пяткова 2,5 пайыздық жеңілдікпен 60 ай мерзімге 3 миллион теңге көлемінде несие алған. Бұл қаражатқа ол Ломан браун тұқымды жұмыртқалағыш тауықтар, 320 жұмыртқаға арналған «Умница» инкубаторын, тоңазытқыш жабдықтарын сатып алып, құс қора мен жазғы орынжай салған.

– Мемлекеттік қолдаудың арқасында отбасылық табысымызды арттырып, кәсібімізді кеңейтуге мүмкіндік туды. Жыл басынан бері 600-ге жуық бройлер балапанын инкубацияладық. Қазір 300-ден астам тауық өсіп жатыр. Алдағы уақытта Парыгино ауылы мен Алтай қаласының тұрғындарын сапалы құс өнімдерімен тұрақты қамтуды жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша, үй жағдайында өндірілетін экологиялық таза жұмыртқа мен құс етіне сұраныс жоғары. Бұл сұраныс оның өндіріс көлемін арттыру жоспарына сенімді негіз болып отыр.

«AMANAT» партиясының бастамасымен іске асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы тек бір отбасының ғана емес, тұтас ауылдың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадам екені дәлелденіп келеді. Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікке серпін беріп, жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаруда.

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу