KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Еліміздегі гидротехникалық нысандар кешенді түрде тексеріліп жатыр

depositphotos.com

16.07.2025, 14:00 252 Айдос Мырзахметов

Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» мекемесі еліміз бойынша 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған жұмыстар Шығыс Қазақстан облысын да қамтиды. Қазіргі таңда өңірде бірқатар гидротехникалық нысандарға кешенді зерттеу жалғасуда. Бұл зерттеулер нысандардың техникалық жағдайын бағалауға, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрін нақтылауға мүмкіндік береді.

Облыс әкімдіктері қазіргі таңда 19 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы үш нысанда жұмыстар аяқталды. Ал Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында зерттеу жалғасуда.

Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында биыл он облыста, соның ішінде Шығыс Қазақстанда да 105 гидротехникалық нысанды зерттеу жоспарланған. Бұл тізімге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары да кіреді.

2028 жылдың соңына дейін республика бойынша барлығы 557 гидротехникалық нысан көпфакторлы зерттеуден өтпек.

«Көпфакторлы зерттеу объектінің және оның жабдықтарының техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін нақтылауға мүмкіндік береді. Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі 14 облыста 84 нысанда көпфакторлы зерттеу жүргізді. Бұл жоспарланғаннан да артық», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу