ШҚО-да ауызсумен қамтуға арналған 27 жоба іске асып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. 2025 жылы өңірде 27 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек хабарлағандай, бұл жобалардың жалпы құны 45 миллиард теңгеден асады. Оның ішінде 14 миллиарды бөлініп қойған. Жобалардың басым бөлігі су құбырларын қайта жаңғыртуға және халықты таза ауызсумен қамтуға бағытталған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыста 214 шақырым су құбыры желісі қайта жаңартылып, нәтижесінде ШҚО халқының 99,4%-ы таза ауызсумен қамтылды. Бұл — еліміз бойынша орташа көрсеткіштен (98,6%) жоғары.
Биыл тағы 4 мың адамды ауызсу жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Бұл 100 пайыз қамту мақсатына бір қадам жақындата түседі.
Сонымен қатар Өскемен қаласында кәріз жүйесін автоматтандыру жобасы қолға алынуда. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, құны – шамамен 5 миллиард теңге. Қазір келісу жұмыстары жүргізілуде.
Фото: Екатерина Семина