Жасанды интеллект енді балаларға да қызмет етеді
Фото: pexels.com
Илон Маск xAI жобасы аясында балаларға арналған жасанды интеллект әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы кәсіпкер бұрынғы Twitter, қазіргі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Baby Grok — қазіргі Grok жүйесінің жеңілдетілген әрі балаға бейімделген нұсқасы. Ол балалармен қауіпсіз, танымдық және қызықты диалог жүргізуге арналған жеке қосымша ретінде жұмыс істемек. Жүйеде арнайы модерация қарастырылып, баланың жас ерекшелігі мен даму деңгейіне сай мазмұн ұсынылады.
The Economic Times басылымының мәліметінше, Baby Grok балалар мен жасөспірімдерге арналған қауіпсіз әрі пайдалы цифрлық орта қалыптастыруды көздейді.
Айта кетейік, Grok — Илон Масктың жасанды интеллект саласындағы xAI компаниясы әзірлеген жеке тілдік моделі.
Жаңа Baby Grok жобасы балаларға арналған алғашқы ірі ЖИ бастамалардың бірі болуы мүмкін. Жасанды интеллект арқылы оқыту мен дамытудың мүмкіндіктерін арттыру мақсатында бұл өнімге қазірден бастап қызығушылық жоғары.