Зейнеткерлер, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер декларациядан босатылады - жаңа заң
Фото: pexels.com
Елімізде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіліп келе жатқаны белгілі. Бұл — азаматтардың табысын, мүлкін ашық көрсету арқылы көлеңкелі экономиканы азайтудың жолы. Алайда халық арасында бір түсініксіздік те, алаңдаушылық та болғаны жасырын емес: «Енді бәріміз декларация тапсырамыз ба? Зейнеткерге де міндетті ме?» деген сұрақтар көп қойылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Міне, осы сауалға 2025 жылдың 15 шілдесінде қабылданған жаңа заң нақты жауап беріп отыр. Мемлекет басшысы қол қойған құжатқа сәйкес, зейнеткерлер, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер енді міндетті декларациядан босатылады.
Бұл дегеніміз — жұрттың басым бөлігі енді салықтық есеп беруден босайды. Яғни бұрынғыдай арнайы нысандар толтырып, шотындағы қаражатын, үй-жайын, көлігін көрсетіп әуре болмайды. Бұл — үлкен жеңілдік. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрақты өмір сүрмейтін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де дәл осындай міндет жойылады.
Дереккөз: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті