2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша күтілетін өзгерістер
Фото: ШҚО бойынша МКД
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылғанын хабарлайды.
Бүгінгі таңда, үш кезең шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 млн.-нан астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді.
Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz), «e-Salyq Azamat» (салық әмияны), «eGov mobile», «Halyk», «Банк Центр кредит» және «Kaspi» мобильді қосымшалары арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер іске асырылды.
2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды.
Бұл шамамен 8 млн. адам, оның ішінде жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар.
Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ел аумағынан тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылады.
Бұған мемлекеттік органдардың деректерқорын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржы шоттары бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлық қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етеді.
Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына қатысты.
Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі.
Бірақ болашақта 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын (74 млн. теңге) мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс.
Сонымен қатар, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілді.
Жыл сайынға кірістер мен мүліктер туралы (270.00 нысан) декларациясы мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары мен құрылтайшыларына және олардың жұбайларына сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде активтері және дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғаларға сақталады.