Банктік картаны беру – енді қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады
depositphotos.com
Қазақстанда өзіңіздің банк реквизиттеріңізді үшінші тұлғаларға беруге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Қылмыстық кодекске жаңадан енгізілген 232-1-бапқа сәйкес, жеке тұлғаның банк картасын немесе реквизиттерін өзгелерге беруі үшін жаза қарастырылған.
Заң талабы ақылы түрде өзгелердің пайдасына ақша аудару немесе төлем жасау әрекеттерін де қамтиды.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, алаяқтар азаматтардан алынған деректерді қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру немесе басқа адамдарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда азаматтар өздерінің қылмыстық әрекетке қатысы барын сезінбей қалады.