Банктік картаны басқа адамға берсеңіз – жауапқа тартылуыңыз мүмкін
Фото: stock.adobe.com
Енді өзіңіздің банк картаңызды немесе шотыңызды басқа адамға бергеніңіз үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі ресми түрде ескерту жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, Қылмыстық кодекске жаңа 232-1-бап енгізілген. Онда карта немесе банк шотын сыйақы үшін, пайда табу мақсатында немесе бөтен адамға беріп, сол арқылы ақша аударымдарын жасау – заң бұзу болып есептеледі.
Мұндай жағдайларда банк деректері қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыруға немесе басқа адамдарды алдауға пайдаланылады. Сондықтан мамандар кез келген ұсынысқа сақтықпен қарауға кеңес береді.