Күршім ауданында 8 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды
Өткен жылы аудан тұрғындарымен кездесуде көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мәселесі көтерілген болатын. Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне 8 көпқабатты үй (584 пәтердің 170-і) мен 8 әлеуметтік нысан (25-тің ішінен) қосылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудандағы жылу жүйесін жақсарту мақсатында жылу желілері мен қазандықтарды жаңғырту бойынша төрт ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның біреуі аяқталған, қалған үшеуі 2025 жылға дейін аяқталмақ.
Сондай-ақ жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін биыл облыстық бюджеттен «Күршім» КМК-ға көмір сатып алуға 67,4 миллион теңге бөлінді.
Арайлым Орсаринова
Фото: Нелли Петенева