KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Абай облысында әлеуметтік нысандарға 1000-нан астам тексеру жүргізілді

depositphotos.com

26.09.2025, 12:00 129 Ержан Әбіш

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1019 тексеру ұйымдастырды. Оның ішінде 410-ы – жоспардан тыс, 350-і – профилактикалық бақылау шеңберінде, ал 259-ы – прокуратура талаптары бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Тексеру қорытындысында анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 497 ұйғарым берілді. Сондай-ақ 274 әкімшілік айыппұл салынып, жалпы сомасы 61,9 млн теңгеден асты.
Әлеуметтік инспекторлардың бақылауына түрлі нысандар қамтылды. Атап айтқанда:
әкімдіктер – 63,
бөлімдер мен басқармалар – 217,
мектептер – 125,
балабақшалар – 36,
колледждер мен лицейлер – 16,
ауруханалар, емханалар – 98,
әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары – 79,
спорт мектептері – 21,
пошта бөлімшелері – 6,
банктер – 18,
мәдениет үйлері – 16,
мұражайлар мен мұрағаттар – 5,
өзге де 58 мекеме.

Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ филиалының аудандық бөлімшесінде қолжетімділік мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бұл шара 1-топтағы мүгедектігі бар азаматтың өтінішінен кейін қолға алынды. Тексеру нәтижесінде тиісті ұйғарым жасалып, жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Семей қаласының тұрғыны, мүгедектігі бар баланың анасы Саида Бөкембаева қолжетімді орта құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтижесін атап өтті.

– Қаламызда соңғы жылдары пандустар орнатылып, дыбыстық бағдаршамдар пайда болды. Әлеуметтік нысандарда қозғалыс әлдеқайда ыңғайлы болды. Бұл – біздің өмірімізді шын мәнінде жеңілдететін өзгерістер. Ең бастысы – ұлым өзін басқа балалармен тең сезінеді. Осындай жұмыстар тек қала орталығында емес, барлық аудандарда жалғасса деймін, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, кедергісіз орта құруға бағытталған мемлекеттік саясат алдағы уақытта да жалғасын табады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу