KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, Ю
509.75 594.67 6.46

Димаштың халықаралық жобасы: түсірілім Алматыдағы туристік орындарда өтті

26.09.2025, 19:00 195 Ержан Әбіш

Қазақстанның көрнекті туристік орындары әлемдік аудиторияға жол тартты. Димаш Құдайберген мен Қытайдың Hunan Broadcasting System бірлесіп қолға алған Voice Beyond Horizon халықаралық телевизиялық жобасының түсірілімі Алматы қаласы мен Алматы облысында өтті, деп хабарлайды Altainews.kz "Қазақ туризм" компаниясының Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Түсірілім барысында шетелдік көрермендер Қайыңды көлінің су астындағы қылқан жапырақты орманын, БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) тарапынан әлемдегі үздік туристік елдімекендердің бірі деп танылған Саты ауылын, сондай-ақ Қапшағай су қоймасын тамашалайды. Алматының өзінде түсірілім Арбатта, Көк базарда және метро станцияларында жүргізілді.

Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген әртістер қатысуда. Олардың өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Музыкалық жоба түрлі елдердің орындаушыларын біріктіріп қана қоймай, Қазақстанның табиғаты мен туристік әлеуетін көрсетеді. Түсірілім Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында өтті. Жобаның ақтық кезеңі Астанада өтеді.

Voice Beyond Horizon жобасына Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және өңірлік әкімдіктер қолдау көрсетіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу