«Жанұя» отбасын қолдау орталығы – мұқтаж жандарға тірек
Қазіргі кезде әлеуметтік қолдау мен отбасылық тұрақтылық мәселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де аса маңызды бағыттардың біріне айналды. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың қиындығы, балалар құқығының бұзылуы сияқты түйткілдер көпшіліктің өміріне ауыр салмақ түсіріп отыр. Осындай жағдайда өңірімізде құрылған «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметі айрықша мәнге ие.
«Жанұя» орталығының басты мақсаты – өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсету. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, көпбалалы, аз қамтылған жанұялар, мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, әлеуметтік тәуекел аймағында тұрған кез келген азамат жүгіне алады.
Орталық қызметі ведомствоаралық өзара іс-қимылға негізделген. Яғни, әлеуметтік сала қызметкерлері ғана емес, құқық қорғау органдарының мамандары, педагогтар, психологтар, заңгерлер, дәрігерлер және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері де атсалысады.
Көрсетілетін қызмет түрлеріне психологиялық қолдау енеді. Атап айтсақ, жеке және топтық кеңес беру, ата-аналар, жасөспірімдер мен балаларға арналған тренингтер ұйымдастыру, стресті басқару, отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту, қақтығыстарды шешу жолдарын үйрету. Сонымен қатар, заңгерлік қолдау да көрсетіледі. Олар – отбасы заңнамасы, бала құқықтары, алимент, мүліктік және неке қатынастарына байланысты кеңес беру, қажетті құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу, азаматтық құқық бұзылған жағдайда тиісті органдарға сүйемелдеп жеткізу. Әлеуметтік қолдауға аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік жеңілдіктер және арнайы
бағдарламалар туралы ақпарат беру, мәселелерін шешуге қолдау көрсету, ерте кезеңде көмек қажет ететін отбасыларды анықтау үшін мобильді топтарды ұйымдастыру жатады.
Қай отбасылар орталыққа жүгіне алады? Орталық қызметін пайдаланатын мақсатты топтар: қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе оның қаупінде тұрған азаматтар, ішкі істер органдарында есепте тұрған отбасылар, әлеуметтік әл-ауқаты қанағаттанарлықсыз, дағдарыстық немесе төтенше деңгейде тұрған жанұялар, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдар. Бұл тізім түбегейлі емес. Яғни, орталыққа көмек сұрап келген кез келген отбасы немесе азаматқа көмек көрсетіледі.
Қиын өмірлік жағдайдың белгілері – тұрақты табыс көзінің немесе жұмыстың болмауы, тұрғын үйдің апатты жағдайда болуы, жарық, жылу, су жүйесінің жоқтығы, тіркеусіз тұру немесе уақытша тіркеуде болу, медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерге қолжетімсіздік, балалардың мектепке бармауы, қаңғыбастық, ұсақ құқықбұзушылықтарға қатысуы, отбасындағы жанжал, агрессия, ата-ананың ішімдікке немесе есірткіге тәуелділігі, балаларға қатігездік көрсету, зорлық-зомбылық белгілері, ата-аналардың өз міндеттерін орындамауы.
Орталық жұмысындағы ең маңызды құралдың бірі – аудан және қала әкімдерінің қаулысымен құрылған мобильді топтар. Бұл топтардың құрамында әлеуметтік қызметкер, психолог, учаскелік инспектор, педагог және басқа да мамандар бар. Олар отбасыларды ерте кезеңде анықтайды, тұрғылықты жеріне барып, жағдайын бағалайды, жедел түрде көмек көрсетеді.
Мобильді топтардың жұмысы «FSMSocial» атты арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе әр отбасының «цифрлық портретін» жасап, қажеттіліктерін анықтайды. Одан кейін бір жылға дейінгі мерзімге арналған жеке жоспар құрылады. Онда отбасыға
қандай көмек қажет екені, кім жауапты болатыны және қандай мерзімде орындалатыны көрсетіледі. Әрбір қадам қосымша арқылы бақыланып, тиісті мемлекеттік органдарға бағытталады.
Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жәбірленушілерді қорғауға ерекше назар аударады. Зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, сексуалдық немесе экономикалық сипатта болуы мүмкін. Оның белгілеріне денедегі жарақат іздері, көңіл күйдің күрт өзгеруі, салмақтың төмендеуі, әлеуметтік оқшаулану, өз қаржылық қаражатының болмауы
сияқты жайттар жатады.
Мұндай жағдайда жәбірленушіге мына байланыстар арқылы хабарласуға кеңес беріледі: полиция – 102 немесе qamqor.gov.kz порталы арқылы, жедел жәрдем – 103, әлеуметтік қолдау қызметі – 111, балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны – 150.
Көмек алу тәртібі жөнінде айтар болсақ, азамат орталыққа өзі немесе телефон арқылы хабарласа алады, мектеп, дәрігер немесе учаскелік полиция қызметкері де ақпарат бере алады, қоңыраулар бірыңғай сенім телефоны – 111 арқылы қабылданады, ақпарат мемлекеттік органдардың жүйесінен немесе әлеуметтік желілерден де түсуі мүмкін.
Осыдан кейін отбасыға мобильді топ барады, жағдайды тексеріп, тиісті құжаттарды рәсімдейді. Егер отбасы «қиын өмірлік жағдайға тап болған» мәртебе алса, жеке көмек жоспары жасалады. Онда азық-түлік, киім-кешек, қажетті заттар, заңгерлік кеңес, тұрғын үй, алимент, қамқоршылық, балалардың оқуына және бос уақытын ұйымдастыруға қатысты шаралар қарастырылады.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы – қоғамдағы ең әлсіз жандарға тірек болатын әлеуметтік мекеме. Оның қызметі тек материалдық көмекті ғана емес, сондай-ақ жан дүниеге, психологиялық қолдауға, құқықтық қорғауға бағытталған. Әрбір отбасыға жеке жоспар құру арқылы жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беріледі. Бұл мекеменің ұраны да соны айқындайды: «Сіз жалғыз емессіз.
Біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз». Бұл орталық 2023 жылғы 21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің №300 қаулысына сәйкес құрылып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрамында жұмыс істеп келеді. Мекеме Өскемен қаласында, Сәтпаев даңғылы, 64-үй, 405-406 кабинеттерде орналасқан. Байланыс телефоны: 8 (7232) 61-41-01. Instagram: otbasynqoldau_shko.
Жәбірленушілерді қорғау үшін дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Өскемен қаласында «Үлбі» орталығының дағдарыс бөлімі (Добролюбов көшесі, 44, тел. 8 (7232) 77-19-22, +7 771 445 11 44). Мұнда дағдарыстық жағдайларды шешу бойынша әлеуметтік көмек бөлімінің базасында мамандар психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді, әлеуметтік мәселелерді шешеді және қауіпсіз жағдайда уақытша тұруды қамтамасыз етеді. Ал Шемонаиха қаласында «Аяла» дағдарыс орталығы (Иванов көшесі, 108, тел. +7 747 428 06 63, 8 (72332) 9-21-81, Instagram: @ayala_shemonaikha) көмек көрсетеді.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы мамандарының байланыс деректері
Бас офис Өскемен қаласы, Сәтпаев, 64, 405-406-кеңсе. Телефон: 61-41-01. Instagram: @zhanuya_vko
Директор: +7 777 578 75 79
Заңгер: +7 705 502 20 62
Психолог: +7 777 208 08 80
Өскемен қаласы, Өскемен қаласының Мансап орталығы, Шәкәрім даңғылы, 140/10
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 777 250 16 24
Психолог: +7 778 412 80 70
Алтай қаласы, Первомайская көшесі, 23
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 777 983 44 51
Психолог: +7 777 996 31 10
Риддер қаласы, «Риддер қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Семенова көшесі, 13, 10-кабинет
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 777 151 06 00
Психолог: +7 777 621 09 04
Глубокое ауданы, «Глубокое ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Глубокое кенті, Пирогова көшесі, 6, 5-кабинет
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 705 764 41 71
Психолог: +7 705 511 20 08
Зайсан ауданы, «Зайсан ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Зайсан қаласы, Манапов көшесі, 21а, 8-кабинет
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 708 770 49 31
Психолог: +7 775 855 20 40
Ұлан ауданы, «Аманат» партиясының Ұлан аудандық филиалы, Қасым Қайсенов кенті, 19
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 705 229 00 51
Психолог: +7 705 221 30 01
Самар ауданы, Самар ауылы, Бакраев көшесі, 6
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 771 548 41 25
Психолог: +7 705 490 67 32
Үлкен Нарын ауданы, «Үлкен Нарын ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан көшесі, 109а
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 771 624 72 59
Психолог: +7 700 243 50 19
Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 61
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 747 717 16 34
Шемонаиха ауданы, «Шемонаиха ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Шемонаиха қаласы, Молодежная көшесі, 19
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 705 510 10 85
Психолог: +7 777 764 03 23
Күршім ауданы, «Күршім ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 69
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 705 644 18 34
Психолог: +7 778 910 86 30
Марқакөл ауданы, «Марқакөл ауылы әкімінің аппараты» ММ, Марқакөл ауылы, Крахмаль көшесі, 67
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 776 699 99 71
Психолог: +7 705 700 87 31
Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 21/1
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман: +7 775 783 40 78
Психолог: +7 702 306 19 60