KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылады

Фото: azattyq-ruhy.kz

14.03.2024, 17:40 179 Айна Ескенқызы

Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жанынан «Жанұя» отбасын қолдау орталығын ашу жұмыстары жүріп жатыр.

Оның қызметі өңірдің барлық аудандарын қамтитын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының мақсаты - зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға кешенді қолдау көрсетуде ведомстволар арасында өзара іс-әрекет жасау.

Қазір орталықтың құжаттары Әділет департаментінде тіркеліп, Өскемен қаласы, Сәтбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша ғимарат бөлінді.

- «Жанұя» орталығының штатында  барлығы 35 адам бар. Олардың тоғызы облыстық деңгейде,  26-сы өңірдің қалалары мен аудандарында қабылдайды. 13 қала мен ауданның әрқайсысында бір психолог пен бір әлеуметтік қызметкер жәбірленушілермен жұмыс істейді. Олар біздің басқарманың  аудандық бөлімдерінің ғимараттарында отырады. Қазіргі таңда орталықтың басшысына кандидатура таңдалып жатыр. Орталықтың жұмысына биыл қажетті қаражат бөлінді, - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру басқармасы әлеуметтік төлем бөлімінің басшысы Бұлбұл Құсманова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тамырына балта шабу үшін тек полиция ғана емес, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салалары бірлесіп қимылдауы керек. Бұлбұл Балабекқызы қазіргі таңда ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіру мәселелері шешілуде екенін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу