KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Өскеменде жылыту маусымы басталды

depositphotos.com

1.10.2025, 10:30 170 Ержан Әбіш

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымын бастау туралы Өскемен қаласы әкімі орынбасарының хаты негізінде «Шығыс Жылу» АҚ-ның бұйрығы қабылданып, 1 қазаннан бастап қалада орталықтандырылған жылу беріле бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жылу қосу жұмыстары алдыңғы жылдардағыдай кезең-кезеңімен, нысандардың техникалық дайындығына қарай 6 күн ішінде жүргізіледі. Паспорттық техникалық дайындықсыз нысандар барлық жұмыстарды аяқтап, құжат тапсырғаннан кейін ғана қосылады.

Қазіргі уақытта қаладағы қатты отын қоры 19 486 тонна, бұл – 35 тәуліктік нормативтік қорға сәйкес келеді.

Жылу қосылу күндері туралы толық ақпаратты мына арналар арқылы білуге болады:
    •    жеке кабинет арқылы ukteplo.kz сайтында;
    •    «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасында;
    •    WhatsApp чат-ботында +7 747 942 35 56 нөмірі бойынша;
    •    Telegram-дағы @UKTSbot чат-ботында.

Бүгінгі таңда жылу энергиясын есептеу құралдары және дайындығы туралы актісі бар төмендегідей нысандарға жылу берілді:
    •    көпқабатты тұрғын үйлер – 66;
    •    жеке тұрғын үйлер – 86;
    •    мектептер, балабақшалар және өзге де мектепке дейінгі мекемелер – 34;
    •    медициналық ұйымдар – 17;
    •    әкімшілік және оларға теңестірілген ғимараттар – 29;
    •    әлеуметтік нысандар – 11.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу