Жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы тілге тиек етілді. Нақтырақ айтқанда әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы жайлы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды. Олардың артында тұтас технологиялар тұр - боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды түрде жіберілетін ақпараттар. Мақсат – қоғамды алаңдаушылыққа батырып, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттық себептен ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.
@AntiFakeCenterBot арнайы чат-боты — жалған материалдар туралы хабарламаларды қабылдау үшін арналған. Сілтемесі төменде: