1 миллионнан астам сақтандырылмаған қазақстандық медициналық көмекке қол жеткізе алады
depositphotos.com
Қазақстан Республикасы Президентінің сапалы медициналық көмекке жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында елімізде халықты медициналық қызметтермен қамту ауқымы кеңейіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, 2024–2025 жылдары медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуда.
2026 жылдан бастап скринингтер тізбесі кеңейтіледі, атап айтқанда, қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті және вирустық гепатиттерді ерте анықтауға арналған тексерулер де сақтандырылмаған азаматтарға қолжетімді болмақ.
Қабылданған заңнамалық өзгерістерге сәйкес енді жергілікті атқарушы органдар табыс деңгейі төмен азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын олардың медициналық ұйымға жүгіну фактісі бойынша төлей алады. Бұл шешім әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етіп, сақтандырылғандар санын арттыруға бағытталған.