ШҚО құтқарушылары мектеп оқушыларына Ашық есік күнін өткізді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінде бірқатар іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған орай жедел-құтқару жасағында Ашық есік күні ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына құтқарушылардың күнделікті қызметі таныстырылды.
Балалар апаттық-құтқару құралдарын, заманауи дрондарды, арнайы техника мен жабдықтарды көріп, жауынгерлік киім киіп көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ кинологиялық бөлімнің лабрадор иттерімен кездесіп, олардың құтқару жұмыстарындағы рөлін білді.
Шара барысында мамандар оқушыларға төтенше жағдайлар қызметінде жұмыс істеудің қыр-сыры мен болашақта құтқарушы болу жолдарын түсіндірді.










