KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, С
502.89 527.03 5.71

ШҚО құтқарушылары балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретті

Бүгін, 14:00 73 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға өскелең ұрпақ, еріктілер мен мамандар қатысып, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы пайдалы ақпарат алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар мен ТЖД әскери қызметкерлері балаларға өрт кезінде алғашқы әрекеттерді үйретіп, қауіпсіздік бойынша сауалнама жүргізді. Сондай-ақ олар төтенше жағдайлармен күреске арналған жаңа техника мен жабдықтарды таныстырды.

Іс-шараға Қазақстан Қызыл Жарты айы ШҚ филиалының еріктілері мен ТЖМ апат медицинасы орталығының дәрігерлері де қатысты. Олар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетіп, құтқару жабдықтарымен таныстырды.
Қатысушылар төрт аяқты құтқарушылармен, яғни арнайы үйретілген лабрадор тұқымдас иттермен де танысып, олардың іздеу-құтқару жұмыстарындағы рөлін көрді.

Балалар үшін ең қызықты сәттердің бірі – арнайы техниканы тамашалап, құтқарушы көліктердің ішіне еніп, нағыз батырларша өздерін сезінуі болды. Олар құтқарушыларға сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған жайттар туралы білді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар ТЖД-ның барлық аудандық бөлімшелерінде өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама балалардың отпен ойнауынан туындайтын жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алуға ықпал етеді.
 

Ержан Әбіш

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу