Жасанды интеллект мемлекеттік сатып алуларда 781 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді — Қаржы министрлігі
depositphotos.com
Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алулар саласында отандық өндірушілерді қолдау және тиімділікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл елімізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң күшіне енді. Оның басты мақсаты — бұрын ұзақ уақыт алатын сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және жергілікті тауар өндірушілердің үлесін арттыру.
Министрдің мәліметінше, мемлекеттік сатып алулар жүйесіне жасанды интеллект элементтері енгізілген. Бұл жаңашылдықтың арқасында 781 млрд теңге көлемінде қаражат үнемделген.