Қазақстанда мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылды
![](/kz/uploads/posts/2025-02/01jkqdtq8cv5m4stsp802zjbbx.webp)
Фото: Үкімет
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу мерзімі бірнеше есе қысқарды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Бұл өзгерістер "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң аясында енгізілген, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Жаңа ережелер мемлекеттік сатып алу процесін жеделдетуге бағытталған. Атап айтқанда:
- Конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу құжаттамасын талқылау уақыты 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін қысқарды.
- Өтінімдерді қабылдау мерзімі 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін азайтылды.
- Өтінімдерді қарау және қорытындылау уақыты 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Нәтижесінде: конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз 10 жұмыс күні ішінде анықталатын болады.
Жаңа жүйе мемлекеттік сатып алуды ашық, жылдам және тиімді етуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз
ШҚО әкімі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін кешіктірмеуді тапсырдыМемлекеттік сатып алуда қандай өзгеріс бар?Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылаудың жаңа элементтері енгізілудеАуылдық округтер үшін де мемлекеттік сатып алудың тиімділігі арттыТЖ кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды