Үлкен Нарын ауданында қызмет барысында жазатайым болған іске қатысты тексеру қорытындысы жарияланды - ШҚО
Мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, коммуналдық кәсіпорынның екі қызметкері қаза тапқан еді. Облыстың Бас еңбек инспекторы Бақытбек Қизатов осы қайғылы оқиғаға қатысты комиссияның тексеру жұмыстарының қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай су құбырындағы жарылысты жою барысында болған. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын атқару кезінде дәнекерлеуші мен слесарь үйінді астында қалып, көз жұмды. Екеуі де «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнында еңбек еткен.
Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, арнайы комиссия жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің кінәлі екені анықталған. Қызметкерлердің өздеріне ешқандай кінә артылмаған – олар тапсырылған міндетті орындап жүрген. Қазір материалдар полицияға жолданып, тергеу шаралары аяқталуға жақын.
Бас еңбек инспекторының айтуынша, траншея қазу кезінде екі негізгі ереже бар.
Қазіргі уақытта комиссияның жұмыс қорытындысы полицияға жолданып, тергеу амалдары аяқталуға жақын.