Жыл басынан бері 92 адам жұмыс орнында зардап шекті
pexels.com
2024 жылдың 10 айында өндіріс барысында 80 жазатайым оқиға орын алып, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ақпараты бойынша, жыл басынан бері өндіріс орындарында 80 жазатайым жағдай тіркелді. Бұл өндірістік жазатайым жағдайларында 92 адам зардап шекті, оның ішінде 15 адам қаза тауып, 47 адам ауыр, 30 адам жеңіл жарақаттар алды.
Өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 % төмендеді. Арнайы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша полиция органдарына кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін 80 материал жолданды.162 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 2 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 6 қызметкер жұмысынан шеттетілді, - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов.
90 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүзеге асырылды, 184 өндірістік объектілер мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын қамти отырып, облыстың 185 кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша стандарттар енгізілді (OHSAS 18001, ХЕҰ-АҚҚ).
Ақерке Рағызбаева