KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
505.53 593.44 6.34

IQanat олимпиадасы: Шығыс Қазақстанның 1000 ауыл оқушысы білім додасында бақ сынамақ

16.10.2025, 15:00 110 Базарова Айгүл

28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында республикалық IQanat Олимпиадасының І туры басталып, оған өңірдегі ауыл мектептерінің 1 мыңнан астам баласы қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

IQanat Олимпиадасының І туры ең ынталы оқушыларды іріктеуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар олардың математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға бағытталған ынталандыру кездесулері болады.

Бүкіл республика бойынша қатысушылардың саны 63 мыңнан астам. 3 турдан өткен Олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы IQanat мектеп-пасионатына тегін оқуға түседі немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына тегін қабылданады. Оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді, оған қоса, олардың жетістіктері бағаланып, ұдайы ынталандырылады.

Жүйелі академиялық қолдаудың арқасында IQanat бағдарламасының қатысушыларының 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грантпен оқуға түседі. Бүгінде IQanat түлектері әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.

IQanat – әлеуметтік-білім беру жобасы. Оған қазақстандық 240 кәсіпкер қолдау көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының қамқоршысы – Айдын Рахимбаев.

Өңірдің аудандық қамқоршылары: Нурлан Сақ, Сергей және Екатерина Диденко, Жасұлан Нұрқас, Шырын Чибиханова, Жаркын Калелов, Рауан Кенжеханұлы, Дамир Құмарбекұлы, Дамир Самарханов, Марат Корпитанов, Айгазы Кусаинов, Дулат Тастекей, Раушан Жаксыбай, Мұхтар Қуанышбайұлы, Гульнур Корпитанова және Сырымбет Искаков. Олимпиаданы ұйымдастыру арқылы IQanat Қазақстан ауылдарындағы талантты балалардың білім алу жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға ұмтылады.







Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу