Өскемендік оқушылар өндіріс орнының жұмысымен танысты
Республика күні мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Өскемен өнеркәсіптік арматура зауытының еңбеккерлері қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ – еліміздегі жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі. Зауыт мұнай өндіру саласына арналған құбыр арматурасы мен арнайы жабдықтар шығаруға маманданған. Өндіріс 2013 жылдың қаңтар айында іске қосылған.
Шараға қатысқан оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. 9 «А» сынып оқушысы Артур Петросян зауытқа барғаннан кейін техника саласына деген қызығушылығы артқанын айтты:
Ал 11 «В» сынып оқушысы Елизавета Козлова өзінің кәсіби жолын басқа салада көретінін айтса да, өндіріс процесін бақылау оған да ұнағанын жеткізді.
Оқушылардың көпшілігіне зауыттағы автокарлар (жүк көтергіш техника) ерекше ұнады. Кейбір жігіттер тіпті мектепті бітіргеннен кейін осы кәсіпорында жұмыс істеу туралы ойлана бастағандарын жасырмады.
Мұндай танымдық экскурсиялар жастарға болашақ мамандығын таңдауға, еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттармен танысуға және отандық өнеркәсіптің дамуына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Бүгінде «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ – ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның индустриялық әлеуетінің символына айналған кәсіпорын. Оның тұрақты дамуы мен табысты қызметі – еліміздің технологиялық жаңғыруы мен экономикалық қуатын арттыру бағытының нақты көрінісі.
Бұл іс-шараның Республика күнімен тұспа-тұс өтуі де кездейсоқ емес. Ол жас ұрпаққа еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін көрсетіп, өндіріс саласының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Дмитрий Чжан
Видео: Жәнібек Ырысбай
Фото: Жібек Нұрахмет















