KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Улы газға қарсы дабыл жүйесінің арқасында 42 адам құтқарылды - ШҚО

depositphotos.com

21.10.2025, 12:40 155 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысындағы 600 үйге улы газға қарсы дабыл жүйесі орнатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жылыту маусымында өңір бойынша тұрғындарға иіс тиюдің және жер үйлердегі өрттің алдын алу үшін 54 мың адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықпен 55 кездесу өткізіліп, 11 мың жадынама таратылды. Бүгінде Шығыс Қазақстанда жер үйлерде улы газды анықтайтын 17 мың жүйе орнатылған. Тағы да осындай 625 құрылғыны орнату жоспарланып отыр. Осы дабыл жүйесінің арқасында 2023 жылдан бастап қазірге дейін 42 адам құтқарылды", - деді аймақ басшысы.

Жыл басынан бері облыста 35 өрт шықса, оның ішінде 16-сы жер үйлерде болған. Былтыр және биыл иіс тиіп қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Айжанат Бақытқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу