Балалардың цифрлық қауіпсіздігі — басты назарда
depositphotos.com
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов интернет және телефон алаяқтықтарының көбеюіне, азаматтардың дербес деректерінің таралуына және балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Премьер-министр атап өткендей, бүгінде телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтық жағдайларының басым бөлігі шетелдік нөмірлер мен ұлттық жүйеде тіркелмеген құрылғылар арқылы жүзеге асып отыр.
Сонымен қатар, Олжас Бектенов балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Анықтама үшін:
Sim Kids жобасына балаларды интернет-қатерлерден қорғауға арналған жаңа буын өнімі — KID Security кіреді. Бұл қызмет трафикті сүзеді, ата-ана бақылауын, қоңырауларды жазу мен тыңдауды қамтамасыз етеді, тіпті үнсіз режимде де балаға қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Жоба қазақ және орыс тілдерінде толық локализацияланған және 2025 жылдың қыркүйегінен бастап іске қосылған.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне байланыс пен интернет сапасы төмен аймақтарда жағдайды жақсарту мақсатында кез келген қолайлы нысандарда базалық стансалар орнатуға орын бөлуді тапсырды.