Гарвардқа жолдама: Қазақстанның шалғай ауылдарындағы 64 000 бала бақ сынауда
Ауыл баласы қалай Гарвардқа оқуға түсе алады? Мұндай мүмкіндікті IQanat жобасының қамқоршылары – қазақстандық кәсіпкерлер сыйлап отыр. Бұл жоба жылдан жылға ауыл балаларының үздік білім алуына жол ашып келеді. Өткен жылдан бастап Гарвард, Йель не Барқыт Лигасының басқа да университетіне оқуға түскен кез-келген IQanat түлегіне толық грант беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мұндай перспектива бүкіл ел бойынша мыңдаған ауыл жасөспірімін қанаттандырады – дәл қазір осы мүмкіндік үшін сайыс жүріп жатыр. Қазақстан өңірлерінің бәрінде IQanat Олимпиадасының І туры басталып, ол өткен жылдардың барлық рекордын жаңартты. Олимпиадаға 3300 ауыл және 170-тен астам ауданнан 64 000 бала тіркелді.
IQanat үшін балалардың бағалары маңызды емес. Бұл кезең аясында балалар кешенді тестілеуден өтіп, олардың математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау мен қазақ тілі бойынша білімі бағаланады.
Олимпиаданың барлық үш турынан сәтті өткен жеңімпаздарға қамқоршылар IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасы бойынша оқуға грант береді. Оның аясында балалар ҰБТ және халықаралық емтихандарға дайындалады, ағылшын тілін тереңдетіп, ІТ, кәсіпкерлік және soft skills дағдыларын дамытады.
Жобаның Атқарушы директоры Азамат Ашамаев:
Олимпиада аясында мотивациялық кездесулер мен тренингтер өтіп, оқушылар өз күшіне сенуге шабыт алады. Кездесулерге жобаның қамқоршылары келіп, процесті бақылайды және өз тәжірибесін бөліседі.
IQanat қазақстандық 240 мықты кәсіпкердің басын қосады. Олар – жобаға қатысып жатқан балалар үшін үлгі. Қамқоршылардың бәрінің де өз оқиғасы ерекше: олардың да көбі ауылда туған, тек өз білімі мен еңбегіне сүйеніп, жетістіктерге жеткен. Бүгінде олар «айқанаттықтарға» қолдау көрсетіп, осы жолмен жүруге өзгелерге көмектесіп жатыр.



