KZ
Өскемен
-20°
пасмурно жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

«Книгологично-2025»: жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру

22.10.2025, 17:00 260 Айна Бакимбаева

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Книгологично-2025» атты ерекше фестиваль өтті. Бұл іс-шара оқуға деген сүйіспеншілік пен табиғатты аялау идеясын біріктіріп, шығармашылық пен экологиялық ағартуға арналған үлкен алаңға айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Фестиваль барысында қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі шараларға атсалысты. Бағдарлама аясында пластикалық қақпақтарды жинау бойынша экологиялық акция ұйымдастырылып, қайта өңделген материалдардан ерекше панно, логотип және символдар жасауға арналған шеберлік сабақтары өтті. Сондай-ақ көркем инсталляциялар қойылған көрме мен табиғатты пластикамен ластау мәселелері мен оның қайта өңдеудің маңыздылығы туралы ақпараттық таныстырылымдар көпшіліктің назарын аударды.

Шараға арнайы шақырылған Өскемен қаласындағы қайта өңдеу зауытының өкілі шақырып, балалар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңыздылығын баса жеткізді. 

«Біз отбасымызбен экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бейжай қарай алмаймыз. Сол себепті табиғатқа пайдалы іс жасауды жөн көрдік. Бұл идеяны алғаш ұсынған – менің қызым Райгүл. Ол кішкентайынан қоршаған ортаны таза ұстауды армандап өсті. Қазір сол арманы нақты іске айналды. Қағаз бен пластикті қайта өңдеу – табиғи ресурстарды үнемдеудің, қалдықтарды азайтудың және экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолы», - деді Нұрлан Тұраров.

Фестивальге Күршім өңірінің тумасы, экологиялық өнерді насихаттаушы Оралбек Булжанов онлайн қатысып, қолдан жасалған туындыларын таныстырды. Шебер он жылдан астам уақыт бойы пластикалық бөтелкелерден түрлі декоративтік мүсіндер жасап келеді. Оның еңбектері көрермендерге тұрмыстық қалдықтарға жаңа көзқараспен қарауға және шығармашылық тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік берді.

Шараның ең әсерлі бөлігі – жиналған пластикалық қақпақтардан жасалған үлкен композиция болды. Ол қатысушылардың таза және жасыл болашаққа деген ортақ ниетінің символына айналды.

«Книгологично-2025» фестивалі экология, шығармашылық және оқырмандық мәдениетті тоғыстырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мәдени-ағартушылық іс-шара ретінде есте қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу