KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
502.57 591.68 6.42

Алтай ауданында «Менің Елім – Менің Туым» атты патриоттық жастар акциясы өтті

23.10.2025, 09:45 211 Базарова Айгүл

Алтай ауданында Қазақстан Республикасы күніне орай «Менің Елім – Менің Туым» атты жарқын да рухты жастар акциясы ұйымдастырылды. Бұл шара отансүйгіштік пен елжандылық рухын дәріптеп, өскелең ұрпақты ұлттық бірлік пен азаматтық жауапкершілікке үндейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Акцияға ауданның белсенді жастары, студенттер, мектеп оқушылары, еріктілер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қолдарына көк байрақ ұстаған жастар қала көшелерімен сап түзеп жүріп өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздерге арналған флешмоб көрсетіліп, спорттық жарыстар мен тарихи-танымдық викториналар ұйымдастырылды.

Кеш соңында аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, ұлттық билер билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Менің Елім – Менің Туым» акциясы – елге деген сүйіспеншіліктің, туған жердің өркендеуіне үлес қосуға деген жастардың талпынысының айқын көрінісі. Мұндай бастамалар патриоттық рухты күшейтіп, ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметті арттырады», – деді жастар ресурстық орталығының директоры Анар Ахметқалиева.

Акцияға қатысқан ерікті Ирина Свиридова да өз әсерімен бөлісті:

«Біз – тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымыз. Еліміз бізге бейбіт өмір мен тұрақтылық сыйлады, өз арманымызды жүзеге асыруға жол ашты. Қазақстанымызбен мақтанамыз», – деді ол.

Мұндай шаралар жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен тұтастығын дәріптеуге бағытталған игі бастамаға айналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу