KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, В
514.31 603.03 6.4

Қазақстан Қытай арқылы ішкі транзиттік тасымалдау құқығын алған алғашқы ел болды

depositphotos.com

28.10.2025, 11:30 151 Базарова Айгүл

Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа үкіметаралық келісім ратификацияланып, елімізге Қытай аумағы арқылы ішкі транзиттік автотасымалдау жасау құқығы берілді. Бұл — өзге мемлекеттер арасында алғаш рет Қазақстанға көрсетілген ерекше мүмкіндік, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Келісім отандық автотасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, жүктерді жеткізу бағыттарын әртараптандыруға жол ашады.

Сонымен қатар, автокөлік және тасымалдау саласында бақылау жүйесі жаңартылуда: жүк көліктерінің қозғалысын бақылау енді автоматтандырылған өлшеу стансалары (АӨС) арқылы цифрлық форматта жүзеге асады. Қазір 63 станса жұмыс істеп тұр, оның 30-ы республикалық, 33-і жергілікті жолдарда орналасқан.

Рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету, өтінімдерді ресімдеу мерзімін қысқарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында шетелдік рұқсат бланкілерін беру ережелері жаңартылды.

Бүгінде Қазақстан 42 елмен халықаралық автотасымалдарға рұқсат алмасуды көздейтін үкіметаралық келісімдерге қол қойған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу