Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі кепілі
depositphotos.com
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам дамуының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тетігі болып табылады. Бұл туралы Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Альбина Құшпаева сұхбат барысында атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық бүгінде әлемдік және жүйелі сипатқа ие, ал оның салдары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласына әсер етеді.
Маманның айтуынша, Қазақстанда тәуелсіздік жылдарынан бері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналған. Бұл бағытта заңнамалық негіздер қалыптасып, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда жүйелі іс-шаралар жүргізілуде.
Парақорлыққа қарсы іс-қимыл – қазіргі заманғы қылмыстық-құқықтық саясаттың басым бағытының бірі. Сарапшылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың ең кең тараған түрі – пара алу және пара беру, олар мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіріп, қоғамның билікке деген сенімін әлсіретеді.