Глубокое ауданы – тұрақты даму жолында: жаңа өндірістер, инвестициялар және халықтың әл-ауқаты
2025 жылы Глубокое ауданы тұрақты дамудың жаңа белесіне көтерілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған басымдықтарды басшылыққа алған аудан экономика мен әлеуметтік салада нақты нәтижелерге қол жеткізді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында серпінді жобалар жүзеге асып, инвестиция көлемі ұлғайды, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары ашылды. Инфрақұрылым жаңарып, ауылдар көркейіп келеді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жаңа нысандар бой көтеріп, тұрғындардың өмір сапасы айтарлықтай жақсарды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ауданы әкімі баяндады, деп хабарлайды Altainews.kz.
Биылғы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің даму стратегиясын айқындап, жасанды интеллект пен цифрлық трансформация дәуіріне көшудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттар Глубокое ауданында нақты жобалар арқылы жүзеге асып жатыр.
2025 жылы ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталды. 1 252 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде қалды. Орташа айлық жалақы 394 750 теңгеге жетіп, 13,3%-ға өсті. Ауданның 2029 жылға дейінгі бес жылдық экономикалық өсу жоспары бекітіліп, 92,3 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тарту көзделуде. 2025 жылғы 1 қазанға дейін негізгі көрсеткіштер бойынша меморандумның орындалуы – 56% деңгейінде.
Глубокое ауданының өнеркәсіп өндірісі Шығыс Қазақстан облысының жалпы көлемінде 5,2% үлеске ие, оның 75,7%-ы өңдеу өнеркәсібі еншісінде. Ауданда бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, құны 8 млрд.теңгені құрайтын Предгорное ауылында өсімдік майын рафинадтау цехының құрылысы, Прапорщиково ауылында кеме жасау шеберханасын ұйымдастыру, 27,2 млрд теңгенің «Ертіс кеніші» және «Анисимов кілті» кен орындарын игеру жобасы бар.
Агроөнеркәсіптік кешенде де айтарлықтай ілгерілеу бар. Ауданда 7 сүт-тауарлы ферма мен 4 бордақылау алаңы жұмыс істейді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 94,1 млн теңгеге 8 жоба мақұлданып, ауыл тұрғындарына өз ісін ашуға нақты мүмкіндік берілді.
Туризм саласы Глубокое ауданында шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп отыр. Бүгінде 22 нысан тіркелген. Тау шаңғысы, экотуризм және сауықтыру бағыттары бойынша сұраныс артып келеді.
«Заречье» экологиялық қонақ үйін кеңейту, Таулы Үлбі ауылында қонақ үй мен демалыс үйлерін салу жобалары жүзеге асуда. Туристік бағыттарда санитарлық тораптар мен табиғатты тамашалау алаңдары орнатылды.
2025 жылы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу шеңберінде Быструха ауылында 2,9 км көше жөнделді. Жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын жол жобалары оң сараптамалық қорытынды алды.
Бүгінде аудан халқының 100%-ы орталықтандырылған сумен қамтылған. Бобровка ауылында 1,8 млрд теңгеге су құбыры желілерін реконструкциялау жүргізілуде, сондай-ақ жеті елді мекенде жүйелерді жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Барлық әлеуметтік нысандар қысқы жылыту маусымына дайын, дайындық деңгейі – 98%.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Опытное поле ауылында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, 7 білім беру нысаны жөндеуден өтті. Прапорщиков ауылында жаңа мектеп салу жобасы қарастырылуда – оқушылар санының артуына байланысты сұраныс жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту аясында 278,7 млн теңгеге 5 бірлік заманауи медициналық жабдық сатып алынды.
Сонымен қатар Глубокое аудандық ауруханасын күрделі жөндеу басталды, жоба құны – 522,1 млн теңге.
Глубокое ауданында 3 мыңнан астам бала спорттық секцияларда тегін шұғылданады. Аудан спортшылары облыстық спартакиадалар мен жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп жүр.
Мәдениет саласында 3 нысан 32 млн теңгеге жөнделді, Белоусовка кентінде 150 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда.
Келешекте қапталған хоккей модулі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған.
Глубокое ауданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі іске асырып келеді. Аудан экономикасы мен әлеуметтік саласы тұрақты даму жолында.
«Біздің стратегиялық мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы әртараптандыру және өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру. Глубокое – еңбекқор, белсенді және болашағына сенімді аудан. Біз әр тұрғынның игілігі үшін жұмыс істейміз», – деп түйіндеді аудан әкімі Эльдар Тумашинов.


