Өмір үшін күрес: ШҚО дәрігерлері үш жасар баланың көкбауырын сақтап қалды
Өмір мен өлімнің арпалысы кейде санаулы минуттармен өлшенеді. Шығыс Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығының дәрігерлері осындай сын сағатта үш жасар баланың өмірі үшін күресіп, оны ажал аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Бала ішінен ауыр соққы алып, көкбауыры жарылған. Бұл — адам өміріне тікелей қауіп төндіретін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін ауыр жарақат. Мұндай жағдайларда бұрын көкбауырды алып тастау — яғни спленэктомия жасау — дәрігерлер үшін жалғыз жол саналатын. Алайда бүгінгі медицина қарыштап дамыды, заманауи технологиялар мен білікті мамандардың арқасында енді ағзаны сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Айна Бакимбаева