Маралды ауылында жаңа көше шамдары орнатылды – ШҚО
Маралды ауылында жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба жүзеге асты. Алтын өндіретін кәсіпорынмен жасалған меморандум аясында ауыл көшелеріне 40-тан астам көше шамы орнатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауылдың Жағалау, Алтай және Шахтёр көшелерінде заманауи шамдар орнатылып, елді мекеннің келбеті айшықтала түсті. Жобаның жалпы құны 8 миллион теңгені құрады.
Меморандум аясында жүзеге асқан бұл бастама ауыл инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – құр ұран емес, нақты іс екенін дәлелдеді. Енді жарықтандырылған көшелер тұрғындардың түнгі уақытта қауіпсіз және жайлы қозғалуына мүмкіндік береді.
Маралды ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сейілханов бұл жоба туралы былай деді:
Ауыл тұрғындары да өз ризашылықтарын білдіріп:
Тұрғындардың пікірінше, бұл жоба ауылдағы қауіпсіздік пен жайлылықты айтарлықтай арттырды. Осындай әлеуметтік маңызы зор бастамалар – мемлекет, бизнес және жергілікті қоғамның өзара тиімді ынтымақтастығының жемісі. Әрбір осындай игі іс ауыл өмірінде жарық із қалдырады.
Жайна Сыранова







