Мотивация мен шабыт сыйлаған кездесу: Марат Бисенғалиев ШҚ өнер колледжінде
Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінде әлемге танымал қазақстандық скрипкашы, дирижёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Саметұлы Бисенғалиевпен шығармашылық кездесу өтті,деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Марат Бисенғалиев — халықаралық деңгейде мойындалған музыкант, Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы беделді тұлғаларының бірі. Ол әлемнің ең әйгілі сахналарында, соның ішінде Carnegie Hall (Нью-Йорк), Royal Albert Hall (Лондон) және басқа да танымал концерт залдарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Naxos, EMI, Sony BMG сынды жетекші музыкалық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеп, қазақ өнерін әлемдік деңгейде насихаттап келеді.
Марат Саметұлы студенттермен және колледж оқытушыларымен жылы жүздесіп, өзінің шығармашылық жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Ол өнердің мәні мен музыкант болудың жауапкершілігі туралы әсерлі ойлар айтты.
Іс-шара барысында студенттер атақты музыкантқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу еркін, шығармашылық атмосферада өтіп, студенттер үшін үлкен мотивация мен рухани шабыт көзіне айналды.
Кездесу аясында музыкант жас орындаушыларға арналған шеберлік сабағын өткізіп, студенттердің ойнау мәнерін тыңдап, кәсіби кеңестері мен баға жетпес тәжірибесін бөлісті.
Колледж оқытушысы Рахман Сергибаев бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті:
Кездесуге қатысқан колледждің 3-курс студенті Аяна Баялы өз әсерімен бөлісті:
Іс-шара соңында колледж ұжымы мен студенттер әйгілі музыкантқа алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Бұл тағылымды кездесу Шығыс Қазақстан өңіріндегі өнерсүйер жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, колледждің мәдени байланыстарын кеңейтуге зор үлес қосты. Марат Бисенғалиев сынды тұлғамен жүздесу — студенттер үшін өнерге деген сүйіспеншілікті тереңдетіп, кәсіби жолдағы жаңа белестерге ұмтылуға ерекше мотивация берді.
Жайна Сыранова
Жалғас Сакадиев