KZ
Өскемен
-18°
переменная облачность жел 1,8 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Әнші Amre «Интервидение-2025» байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетеді

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

15.07.2025, 15:00 1 099 Ержан Әбіш

20 қыркүйекте Ресейде «Интервидение – 2025» халықаралық музыкалық байқауының финалы өтеді. Онда Қазақстан атынан әнші Amre (Ернар Садырбаев) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Amre – ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ернар Садырбаевтың сахналық есімі. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Ол pop, R\&B, pop-classic және latino жанрларын қамтитын кең репертуарымен және қуатты вокалымен танымал.

Музыка саласындағы қауымдастық Amre есімін халықаралық байқаулар мен фестивальдердегі жеңістерімен, есте қаларлық жобаларымен жақсы біледі. 2018 жылы ол Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауында Қазақстанды таныстырып, әсерлі сахналық бейнесімен қазылар алқасын тәнті етіп, бірінші орынды иеленді. 2021 жылы ол Қазақстанда өткен «Маска» телешоуына қатысып, Бүркіт бейнесімен көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді. Бұл бейне маусымның символына айналып, оған мыңдаған жаңа жанкүйер сыйлады.

Әншінің шығармашылығындағы маңызды кезеңдердің бірі Ресейдің «Голос» жобасына қатысуы болды. Бұл жобада оның тәлімгері ресейлік әнші Дима Билан болды. Amre Билан командасының құрамында финалға дейін жетіп, өзінің жоғары деңгейін және сахналық харизмасын дәлелдеді.

«Интервидение-2025» байқауындағы өнер көрсету орындаушының шығармашылық жолындағы тағы бір маңызды белес және қазақстандық музыкалық мектепті халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігі болмақ.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу