KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

ТЖМ ескертеді: ШҚО-да жұқа мұзға шығу аса қауіпті

19.11.2025, 16:00 166 Ержан Әбіш

Қыс маусымының басталуына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан тұрғындарын қатпаған мұзға шықпауды ескертеді. Өңірде өзен-көлдер толықтай қатпағандықтан, жұқа мұз ерекше қауіп төндіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Мұз» республикалық алдын алу акциясы шеңберінде құтқарушылар мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кең ауқымды шаралар жүргізіп жатыр. Ел бойынша 6 мыңнан астам рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылып, 33 мыңнан астам тұрғынмен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 11 мыңнан астам балықшыға арнайы нұсқаулық берілді. Құтқару бөлімшелерінің жедел әрекетінің арқасында 4 адам құтқарылған.

ТЖМ мамандары мұзға шығудың негізгі қауіпсіздік нормаларын еске салады:

- Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см болуға тиіс.
- Қараңғы уақытта, нашар көрінген кезде, мұз еріп немесе енді қатайып жатқан мезгілде су айдындарына шығуға қатаң тыйым салынады.
- Мұздың қалыңдығы 10-25 см болған жағдайда мұз үстінде балық аулау тек құтқару жилетімен ғана рұқсат етіледі.

Мұз үстінде қатпаған, күмәнді учаскелерге шығуға, қауіпті аймақтарда топтанып жиналуға, жарықшақтарға, ойықтарға жақындауға, белгіленбеген жерлерден көлікпен өтуге, от жағуға, бір-біріне тым жақын екі ойық жасауға, мұзда қоқыс пен жабдық қалдыруға тыйым салынады.

Құтқарушылар ШҚО тұрғындарын және қонақтарын абай болуға шақырады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғаудың ең тиімді жолы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу