KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланды

olympic.kz

23.11.2025, 18:00 158 Ержан Әбіш

Қазақстан Олимпиада комитетінің президенті, әйгілі боксшы Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен жиында World Boxing ұйымының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

23 қараша күні өткен конгресс барысында ол Борис ван дер Ворсттың өкілеттігін ресми түрде қабылдады. Головкиннің кандидатурасын тәуелсіз сарапшылар комиссиясы мақұлдап, оны ұйымды басқаруға лайық деп тапты.

World Boxing – 2023 жылы ХОК-пен байланысты нығайту және Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) танудан айырылғаннан кейін боксты олимпиадалық бағдарламаға қайтару мақсатында құрылған ұйым.

Головкин президенттікке өз кандидатурасын бір ай бұрын ұсынған болатын. Ол жалғыз үміткер ретінде қалды: Грекия бокс федерациясының басшысы Харис Мариолис өз өтінішін ресми түрде кері қайтарып алған.

Айта кетейік, Головкин бұған дейін өзінің соңғы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап жүргенін мәлімдеген еді.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді халықаралық федерация басшысы болып сайлануымен құттықтап, бұл жетістік даңқты спортшының ұзақ жылғы еңбегіне берілген жоғары баға екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Головкин олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық ұйымды басқарып отырған тұңғыш қазақстандық ретінде ел абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу