KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Денсаулық сақтау министрлігінің тексерісі: еліміз бойынша 247 емдеу кабинеті жабылды

24.11.2025, 12:30 386 Ержан Әбіш

Денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша жеке емшара кабинеттерін заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілері мен стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында тексеруді жалғастыруда.

Мониторингтік топтардың аралау барысында 406 нысан бұзушылықтармен анықталды немесе лицензияларға қажетті қосымшаларсыз жұмыс істегені анықталды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 емшара кабинеті өз еркімен қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санитариялық қағидаларға сәйкес емшара кабинеттері эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға жатады және денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес болуға міндетті.

Сонымен қатар рұқсаттар саласындағы заңнама дәрігерге дейінгі көмек көрсететін орта медициналық персоналдың өкілеттіктерін айқындайды. Бұл ережелер инвазивті араласуды қамтымайды, сондықтан тиісті лицензиясыз бірқатар қызметтерді көрсетуге мүмкіндік жоқ.

Қалған нысандар бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 84 емшара кабинетіне жоспардан тыс тексерулер аяқталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар: медициналық қызметті лицензиясыз жүргізу, санитариялық ережелерді сақтамау, дәрілік заттарды дұрыс сақтамау, білікті медициналық персоналдың болмауы, шұғыл көмек көрсету үшін қажетті жиынтықтың болмауы.

Жұмыс қорытындысы бойынша 15 млн теңгеден астам сомаға 122 әкімшілік хаттама жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында мониторинг пен бақылауды жалғастыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу