ШҚО аумағында 25 қарашада қолайсыз ауа райы күтіледі
depositphotos.com
«Казгидромет» филиалы ақпараты бойынша Шығыс Қазақстан облысында 25 қараша күні ауа райы күрт нашарлайды. Өңірдің бірқатар аумақтарында қар жауып, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ пайда болады, деп хабарлайды Altainews.kz.
Батыс, солтүстік және шығыс бағыттарда тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендемек.
Солтүстік-батыстан соққан жел тәулік ішінде оңтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді.
Өскемен қаласында да көктайғақ болуы ықтимал. Тұрғындарға және жолға шығатын жүргізушілерге сақтық шараларын күшейту ұсынылады.
Оқи отырыңыз