KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

ШҚО-да күн салқындайды

17.05.2021, 14:41 85

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. 

Метеорологтардың мәліметінше, апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.

"20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 градус жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін төмендейді. Республика бойынша жекелеген аудандарда жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив