KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Алтай ауданының тұрғындары скринингтен белсенді өтуде

5.11.2024, 12:00 133 Төлеуғазы Жансая

2024 жылға арналған «Алтай ауданының медициналық орталығы» жоспары бойынша бірқатар скринингтік тексерулер өткізу жоспарланған: глаукома, қант диабеті, жүректің ишемиялық аурулары бойынша – 2500 адам, колоректалды қатерлі ісік бойынша – 3710 адам, сүт безі қатерлі ісігі бойынша – 3469 әйел, жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша – 2428 әйел. Балаларға арналған скринингке 8738 бала енгізілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен кезеңде скринингтік тексерулер жүргізіліп, олардың нәтижелері медициналық ақпараттық жүйеге енгізілді. 2024 жылғы 28 қазанға дейінгі орындалу көрсеткіштері: глаукома, қант диабеті және жүректің ишемиялық ауруы бойынша 2500 адам тексерілді, бұл жоспардың 100,0%-ын құрайды. Жүректің ишемиялық ауруы скринингінен 31 адамнан (1,2%), қант диабеті скринингінен 4 адамнан (0,2%), глаукома бойынша 2 жағдай (0,08%) анықталды.

Колоректалды қатерлі ісік бойынша 3710 адам тексеруден өтіп, орындалу көрсеткіші 100,0%-ды құрады, тік ішек қатерлі ісігінің 6 жағдайы (0,2%) анықталды.

Сүт безі қатерлі ісігі бойынша 3370 әйел скринингтен өтіп, орындалу көрсеткіші 97,1%-ды құрады. Қатерсіз түзілімдер бойынша 3 жағдай (0,08%), ал қатерлі ісік бойынша да 3 жағдай (0,08%) анықталды.

Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша 2207 әйел тексеріліп, орындалу көрсеткіші 90,9%-ды құрады. Бұл тексеру барысында 1 жағдай (0,05%) анықталды.

0-18 жас аралығындағы балалар арасында 3048 бала тексерілді, бұл жалпы балалар санының 34,9%-ын қамтиды, олардың ішінде 138 ауру (1,6%) анықталды.

Қосымша толтыруды қажет ететін скрининг карталары да бар: жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша – 32, сүт безі қатерлі ісігі бойынша – 51 карта. Скрининг карталары баланың жасына сәйкес толықтырылады.

«Ауруды ерте анықтау оның дамуын болдырмауға, тіпті қатерлі ісікке келгенде адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді», – деді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Қазіргі уақытта скринингтік тексерулерді толық аяқтау жұмыстары жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу