KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

"Шығыс – Адалдық алаңының" WhatsApp желісіне 1000-нан астам шағым түскен

21.01.2021, 09:59 203

Өткен жылы өңірдегі қалалар мен аудандарда «Адалдық алаңының» жобалық кеңселері құрылып, олардың жетекшілері әкімдердің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды.

Жедел өзара іс-қимыл жасау және мәселелерді шешу үшін WhatsApp мессенджерінде «Адалдық алаңы-16» жұмыс тобын құрылды. Оған барлық қала/аудан әкімдері мен жобалық кеңселердің басшылары кірді. Бұл топ 24/7 форматында жұмыс істейді.

- Барлық мониторингтардың нәтижесі бойынша мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерге 1111 ұсыныс жолданып, оның 1108-і қолдау тапты. Жобалық кеңсеге 2020 жылы түрлі сұрақтар бойынша 1062 азамат әлеуметтік желі, телефон қоңыраулары және кеңсеге келу арқылы жүгінген, оның ішінде 953 азаматтың сұрағы оң шешілді, - дейді «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт

Айта кетейік, пандемия кезеңінде «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жедел желі нөмірі іске қосылып, дәрі-дәрмек пен әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағаларының негізсіз көтерілуі, санитарлық ережелердің сақталмауы сынды заң бұзушылықтарды тұрғындар WhatsApp желісі арқылы фото, видео материал ретінде хабарлауға мүмкіндік алды.

Нәтижесінде жобалық кеңсе қоғамдық бақылауды күшейтіп, жедел желіге келіп түскен хабарламалар бойынша 1055 құқықбұзушылық деректерін анықтап, жауапты сала өкілдері 735 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырды.

 

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу