KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Астанада бес баласынан айырылған Ситерлер отбасы ұлды болды

12.12.2020, 12:34 177

Өрт салдарынан бес қызынан айырылған еордалық отбасында ұл бала дүниеге келді.


«Өрт салдарынан балаларынан айырылып, қайғыға батқан Ситер отбасын сәбилі болуларымен құттықтаймын!. Жанымгүл аяғы ауыр болған кезде көз тимеуі үшін бұл туралы ешкімге айтпауымды өтінген еді. Бүгін олардың шаңырағында қуанышты жаңалық! Өмірге ұл келді!», - деп жазды Тәңірберген Бердоңғаров.

 

Ол ерлі-зайыптыларды ұлды болуларымен құттықтады.

 

«Сіздерді халық атынан құттықтаймын және ұлдарыңыздың несібесі арта берсін деп тілейміз! Сіздердің қыздарыңызға деген үлкен махаббаттарыңыздың, қарындастарының құрметіне орай лайықты мұрагер болсын! Бұл махаббат оны барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Бауы берік болсын!», - деп жазды ол.

 

Еске сала кетсек, 2019 жылы 4 ақпанда Ситер отбасында бүкіл елді дүрліктірген қайғылы оқиға болды. Жер үйден шыққан өрт салдарынан олар бес қызынан айырылды.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив