KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Ит жылы туған алғашқы сәби

12.01.2018, 12:08 144

Ит жылында ауданда алғашқы болып дүние есігін ашқан сәбиге шемонайхалықтар ерекше қошемет көрсетті. Аудан әкімі мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері  нәрестелі болған жас жұбайларды құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.


Шемонайха қаласының тұрғындары Кәбимоллаевтардың отбасында дүниеге келген сәбиге ізгі тілектер айтылды. Сәбидің ата-анасы Салтанат пен Абзал аудан басшылығы мен жастардың ықыласына алғыс білдіріп, жылы лебіздерін арнады.


–  Жаңа жылда көптен күктен қуанышқа кенелдік. Ұлымыз  дүниеге келді. Ұлымыздың бауы берік болсын. Үнемі жақсылықтың ғана жаршысы болсын. Барлық отбасына осындай қуанышты тілеймін, - деді сәбидің анасы Салтанат.

Аудандық аурухананың дәрігерлерінің айтуынша, сәбидің де, анасының да денсаулығы жақсы.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив