KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтеді

Фото: nevzorovcollection.org

1.06.2023, 16:10 460

Өскемен қаласының әкімдігі барша қала тұрғындары мен қонақтарын Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шараларға шақырады.

Бұл күні сағат 17.00-де Арбатта қаланың шығармашылық ұжымдары мен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерінің қатысуымен мерекелік концерт, мерекелік сауда, қолөнершілер көрмесі, бет бояуы, фотоаймақ, аниматорлар және басқа да шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар 19-шы тұрғын аудандағы Қазыбек би даңғылынан (Тәуелсіздік монументінен, М.Горький және Сағадат Нұрмағамбетов көшелерінің бойымен Орталық алаңға дейін) мотожарыс өтеді.

«Баршаңызды 4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай сағат 18.00-де Арбатта өтетін Қазақстанның Әнұранын орындау акциясына қосылуға шақырамыз», – дейді іс-шараларды ұйымдастырушы қала әкімдігіндегілер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив